Сүйінші! Жалғас UFC-де!

435

Бірер сағат бұрын қазақтан шыққан ережесіз жекпе-жектен “FIGHT NIGHTS GLOBAL” ұйымының чемпионы Жалғас Жұмағұловтың атақты UFC тұжырымында өнер көрсететіні белгілі болды. Спорт менеджері Саят Әбдірахмановтың қажырлы еңбегінің арқасында, бірнеше айға созылған келіссөздің нәтижесінде қос тарап тиісті келісімшартқа қол қойып, спортшы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ресми мәлімдеме жасады. Кәсіби спортшылар мен спорт жанкүйерлері Жалғасқа сәттілік тілеп, құттықтауда.

Әуесқой спорттың шыңы Олимпияда ойындары болса, ережесіз жекпе-жектің биігі UFC екені белгілі. Аталмыш ұйымда осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының атынан өнер көрсететін қазақ Дамир Исмагулов үш мәрте өнер көрсетіп, барлық кездесуінде жеңіске жеткен болатын.


Ал қазақстандық жауынгерлердің арасында тұңғыш рет UFC-де өнер көрсетуге мүмкіндік алған қазақ баласы, “M-1 Challenge” чемпионы Шавкат Рахмонов өзінің UFC аясындағы алғашқы кездесуін наурыз айының 21 жұлдызында өткізетін болды. Ұлы дала ұлдарының әлемдік деңгейдегі ұйымдарда өнер көрсететіндігіне қуаныштымыз. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!                                                                     

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *