Алматы-Космостанция автожолында қар көшкінің алдын алу шарасы өтті

1231

Алматы қаласының таулы аймақтарында 165 қар көшкіні қауіпті аймақ бар. Оның 18-і өте қауіпті болып саналады. Өйткені, ол жерлерден республикалық және туристік маңызы бар жолдар өтеді және ғимараттар орналасқан. Сондықтан жыл сайын төтенше жағдай қызметерлері қысқы маусымда қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Самат Дәуленханов,

«Қазселденқорғау» мекемесінің Алматы қалалық пайдалану техникалық басқармасының бастығы:

-Алдына ала  жарылу жұмыстарын «Қазгидрометтің» ұсынсы бойынша жарамыз. 16, 18 ақпан күндері жауған қалың қардың  себебінен Үлкен Алматы көлі маңайында қардың қалыңдығы 75 см-ге дейін жетті. Бұл өте қауіпті аймақ болып есептелінетіндіктен, Космостанцияға баратын жолдың бойынан қар көшкінінің алдын алу жұмысын жасадық.

Бұл жұмыстар Қазселденқорғау, Алматы қалалық Төтенше жағдай департаменті және Апаттық құтқару жасақтарымен бірге жүрізілді.

Бүгінгі күні түскен қардың жалпы салмағы-300 текше метрді құрады. Қазір қар көшкіні бар учаскеден қауіп сейілді деп айтуға болады. Бұл шараға барлығы 30-дай маман жұмылдырылды.

Өткен жылмен салыстырғанда, таулы аймақтардың қардың түсуі төменгі нормада.

16-ақпанға дейінгі есеп бойынша таудағы қардың деңгейі төмен болған, одан кейінгі қалың қар қауіпсіздіктің алдын алуға шақырды.

Бүгінгі күнгей дейін 3 жарылу жұмыстары жүргізілді. Ертең Кіші Алматы өзені алабындағы №17 Эдельвейс қар көшу учаскісінде алдын алу жұмыстарын жүргіземіз.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *