«ҚазМұнайГаз» Петропавл ауыр машина жасау зауытымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

362

2020 жылғы 21 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (бұдан әрі — ҚМГ) Петропавл ауыр машина жасау зауытымен (бұдан әрі – ПАМЖЗ) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім ҚМГ-ның еншілес ұйымдарына жүк көліктері мен арнайы техниканы жеткізіп беруді ұйымдастыру жолымен «Самұрық-Қазына» АҚ мен ПАМЖЗ арасындағы стратегиялық келісімді жүзеге асыруды көздейді. Бұл туралы  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлайды. 
Іс-шараның аясында «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы «Oil Services Company» ЖШС және ПАМЖЗ арнайы техниканы жеткізіп беру туралы ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қойды. Отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ сатып алуда жергілікті үлесті ұлғайту «ҚазМұнайГаз» үшін басым бағыттардың бірі. Қол қойылған келісімшартқа сәйкес зауыт «Oil Services Company» ЖШС-не ұңғымаларды жөндеу және оларға қызмет көрсетуге арналған арнайы техниканы жеткізіп беретін болады.

Айта кетейік, құжатқа «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген. Санаттық сатып алу стратегиясы шеңберінде қол қойылды. Аталған стратегия отандық тауар өндірушілерді, соның ішінде ПАМЖЗ-ны қолдауға бағытталған. Стратегия тәсілдерінің бірі – отандық кәсіпорындармен Стратегиялық келісімдер жасау болып табылады.
ПАМЖЗ – мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиясы, сондай-ақ химия, газ, энергетика және өнеркәсіптің басқа да салаларына арналған жабдықтарды жасайтын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Зауыттың Петропавл қаласы үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *