Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды

296

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *