Алматыда бәйшешек гүлдеді

1286

Алматыдағы Зерделі ықшам ауданы маңайында көктем жаршысы саналатын бәйшешек гүлі гүлдеді,-деп жазады kazgazeta.kz тілшісі. 

Биыл ақпан айының жылы ауа райына байланысты оңтүстік өңірлерде бәйшешек уақытынан ерте гүлдеген. Алматыдағы ауа райының күрт құбылуына қарамастан, бәйшешектер қаланың сырт жағында жайқалып шыққан. Демек, бұл көрініс бізге көктемнің жылдағыдан ерте келгенің аңғартады. Бәйшешек жер жүзінің бірқатар бөліктерінде өседі. Әсіресе, Еуразия мен Жерорта теңізінің маңынан көбірек кездеседі. Қазақстанның Алатау тауының бөктерінде, Қаратау баурайында шығады. Гүлдейтін уақыты – наурыз айы. Бұл уақытта өзге өсімдіктер әлі де көктеп шыға бермейтінін білеміз. Қысқасы, бәйшешек ерте гүлдеп, жердің тоңын жібітіп, адамзат баласына қарбалас тіршілікке толы көктем мезгілін алып келеді.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *