Абайын дәріптеген Алматылықтар

1076

Жақында Алматыдағы А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай “Өлмейтұғын артында сөз қалдырған” атты әдеби-сазды кеш өтті. Кештің арнайы қонағы филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры , Абай ғылыми-зерттеу институының атынан келген Әнуар Сауатұлы оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, ақын өміріне байланысты қызықты деректермен бөлісті.


Аталмыш іс-шараны №147қазақ гимназиясы мен №184 жалпы білім беретін орыс мектебінің ұстаздары, яғни екі мектептің сынып жетекшілері бірлесе ұйымдастырған. Оқушылар хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ олар ақынның қара сөздерін оқып, би билеп, әндерін орындап өз өнерлерін ортаға салды. Қазақ және орыс тілдерінде ұлы ойшылдың сөздеріне терең бойлауға басымдылық берген ұстаздар, шәкіртеріннің Абай әлемін кеңірек танып білгенін мақсат еткен.                                                                                                                              Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *