Үш елде алғашқы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды

157

Үш елде алғашқы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды: Кувейтте үш адам, Бахрейндебір және Ауғанстан елінде бір адамнан ауру белгілері анықталды, деп хабарлайды kazgazeta.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жақында Кувейт пен Бахрейндегі адамдар Ираннан оралды, онда COVID-19 жұқтырған 43 жағдай тіркелген болатын. Кувейтте коронавируспен ауыратын үш науқас анықталды. Бұған дейін Кувейт Азаматтық авиация басқармасы Иранмен теңіз және әуе қатынасын тоқтата тұрғанын, сондай-ақ коронавирустың таралуына байланысты 700-ден астам азаматты эвакуациялағаны туралы хабарлаған болатын.
Кеше Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Герат провинциясында коронавирус жұқтырды деген күдікпен үш жағдай тіркелгенін, олардың бірі зерттеулерден кейін расталғанын айтты. Жаңа коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы Бахрейнде тіркелді. «Коронавирустың жаңа түрінің алғашқы жағдайы Ираннан келген Бахрейн азаматында анықталды. Науқас адам мен онымен байланысқандардың бәрі Манама медициналық орталығында дәрігерлер тобының бақылауымен карантинге жіберілді», — делінген Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *