17 миллиард теңге ауаға кетуде

303

Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исімбаева мектептегі білім беру мәселесіне байланысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша мемлекет қазынасы, дене шынықтыру пәнінің формальді түрде өткізілетіндігінен шығынға ұшырап отырған көрінеді. Вице-спикер мектептердегі дене шынықтыру сабағын аптасына үш сағат өткізу туралы нормативті қаулының осыдан 10 жыл бұрын қабылданғанын алға тартты.


Алайда бұл талаптарды тиісінше орындауға жалпы білім беретін мектептердің әлеуеті жетпейтіндігін де бірнеше фактілермен дәлелдеді. “Орта мектептерде бір ғана спорт зал бар. Оның аумағы шамамен 162 ден 300 шаршы метрге дейінгі ауданды құрайды. Күн сайын 40 сыныптың оқушылары дене шынықтыру пәніне қатысса, бір мезетте 120 оқушы спорт залда шынығуға мәжбүр. Бұл ақылға сыймайды” – деп депутат өзінің наразылығын білдірді.
Исімбаева ханым дене шынықтыру сабағын өткізудің 1 сағаты республика бойынша 17 миллиард теңгені қажет ететіндігін, сондай-ақ бұл мәселенің елімізде 15жылдан бері нақты шешімін таппағандығын ашық айтты.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *