Эфиопияда Абай Құнанбайұлының шығармашылығы таныстырылды

1091

Эфиопияда Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті. Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылған жиынға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктерінің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Іс-шара бағдарламасына, әртүрлі елдер өкілдері, оның ішінде Қазақстан да қатысты, — деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігің баспасөз қызметі. 

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында елшіліктің ұжымы Абайдың шығармашылығымен көрерменді таныстырып, тұсаукесер жасады. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре орындады. Шараның ресми бөлігінде Эфиопияның Мәдениет пен ғылым және жоғарғы білім министрлері, Аддис-Абеба университетінің президенті және UNESCO өкілдері сөз сөйледі.

Айта кетейік, биылғы жылы Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Мерейтойлық жыл аясында елімізде 500-ге жуық мәдени іс-шара өтеді. 2019 жылдың 30 мамырында Мемлекет басшысы «Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған» Жарлыққа қол қойған болатын. Ал 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Абайдың 175 жылдығына орай  мерекелік шаралар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ресми түрде басталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *