Михаил Дорофеев Президентке Қылмыстық кодекстің 130-бабы жайлы шешімі үшін алғыс білдірді

538

Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Михаил Дорофеев Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуал жөнінде ой-пікірін айтты.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ, журналистердің құқығын қорғауға қатысты мәселелер сөз болды.

Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа медиа-қоғамдастықтың атынан Қылмыстық кодекстің жала жабу туралы 130-бабын қылмыстық деп танымау жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті телевизиядағы сапалы контентті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле беретінін айтты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *