Коронавирусқа байланысты шетелдік рейстер саны шектеледі

431

Оңтүстік Корея мен Ирандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирустың Қазақстан Республикасына одан әрі таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауда. Бұл туралы МҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылдың 1 наурызынан бастап жоспарланған рейстер саны келесі тәртіппен шектелген:

«Эйр Астана»

— Алматы — Сеул, аптасына 5-тен 1 рейс;

— Нұр Сұлтан — Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін;

«Asiana Airlines»:

— Алматы — Сеул, аптасына 2-ден 1 рейс;

«Mahan Air»:

— Алматы — Тегеран, аптасына 1 рейс тоқтатылды.

Жолаушыларға жақын уақытта Оңтүстік Кореяға сапар шегуден бас тартуға, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан Қазақстанға оралу үшін қабылданған шараларды ескеруге кеңес беріледі.

Осыған байланысты жолаушыларға осы жылдың 1 наурызынан бастап Жоғарыда көрсетілген рейстер үшін билетті сатып алған жерінде қайтару мүмкіндігі бар. Билеттерді қайтару айыппұлсыз және толық көлемде беріледі.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *