Зиянкестер маза бермейді

480

Қазақстан Республикасының азаматтары соңғы жылдарда түрлі жәндіктер мен зиянкестердің көбейіп кеткендігін алға тартып, Мәжіліс депутаттарына шағым білдірді. Тұрғындардың айтуынша, ірілі-ұсақты елді мекендер мен қалаларда улы жәндіктер, құмырсқалар мен кеміргіштердің саны артпаса кемімей отырған көрінеді. Бұл түйіткілді мәселені еліміздің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер де растап отыр. Аталмыш жағдайға байланысты дәрігерлер мен зарарсыздандыру ұйымының мүшелері де дабыл қағуда. Себебі көп қабатты тұрғын үйлер мен кеңселерде қаптап кеткен кеміргіштер түрлі аурулар мен инфекциялардың басты таратушылары дейді мамандар.


Мәселенің өзектілігін түсінген депутаттар, жағдайды бақылауда ұстау үшін бірнеше ұсыныстар жасады. Осы орайда шенділер: шет елден келетін заңсыз әрі талаптарға сай келмейтін өнімдердің нарыққа шығарылмауын бақылау, эпидемиологиялық орталықтардың жұмысын күшейту, сауда орталықтары мен қоғамдық орындарды назарда ұстау, тұрғын үй иелеріне жәндіктер мен зиянкестерге арналған дезинфекциялық заттарды тегін әрі жиі үлестіріп отыруды қолға алу керектігін алға тартты.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *