Алматыда қала жастарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерге құжат қабылдау басталды

335

Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылғы «24» ақпаннын бастап «6» наурыз аралығында Алматы қаласының жұмыс істеп жатқан жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін, Алатау ауданы, Ақкент шағынауданынан екі бөлмелі 114 пәтерден тұратын төртінші пул бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы almaty-jastary.kz сайты хабарлады. 

Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.

29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Алматы қаласында соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (тұрғын үйді Алматы қаласынан жалға алуға үміттенетін адамдар үшін).

Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының) және кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау.

Өтініштерді және құжаттарды беру осы сайт арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚО-дан алуға болады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.

Байланыстар

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы: +7 (727) 225 14 07, +7 (727) 225 14 37




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *