Чемпиондар лигасы. Фавориттер сүрінді (видео)

352

Ақпанның 26-нан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының өзге төрт команда арасындағы бірінші ойындар өтті.

Испаниялық «Реал» өз алаңында англиялық «Манчестер Ситиден» ұтылды — 1:2. 60-шы минутта жартылай қорғаушы Иско мадридтіктерді алға шығарды, алайда, алаң қонақтары 78-ші минутта бразилиялық форвард Габриэль Жезустың голымен жауап берді және 83-ші минутта хавбек Кевин де Брюйне пенальтиді сәтті орындады.

«Реал» ойын соңында азшылықта қалғанын айта кету керек. 86-шы минутта команда капитаны Серхио Рамос алаңанан қуылды — ол Жезуске дубль жасауға бөгет жасап қалды.

Қатар өткен матчте франциялық «Лион» өз алаңында италиялық «Ювентусты» ұтты — 1:0. Ойындағы жалғыз голды 31-ші минутта жартылай қорғаушы Люки Тузара салды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *