«Жыр алыбы — Жамбыл» атты айтыс өтуде

1084

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында «Жыр алыбы — Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтуде. Әр қаладан үздік шыққан 30 айтыскер өзара мықтыны анықтау үшін Алматы іргесінде аламан айтыстың көрігін қыздыруда. Қалалық кезеңнен бас жүлде алып, республикалық айтысқа келген жас таланттардың айтысын сағынған көрерменнің ықыласы шексіз. Елдің болашағы, қоғам, Жамбыл Жабаевтың туған күні, Рухани жаңғыру, Абай Құнанбайұлының мерейтойы секілді өзекті тақырыптар аясында қиыннан қиыстырып отырған жастарға көрермен ризашылықпен қол соғуда.

Еліміздің әр өңірінен келген дарынды оқушылардың өнеріне Айтақын Бұлғақов, Күмісжан Құдайбергенқызы, Шара Әсетқызы, Әли Ысқақбай секілді түрлі саланың мамандары қазылық етіп, бағалауда. Екі кезеңнен тұратын айтыстың алғашқы бөлімі аяқталды. Ақтық сынның нәтижесіне қарап, қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *