28 наурыздан бастап елордада балаларға жол жүру тегін болады

731

2020 жылғы 28 наурыздан бастап елордада барлық кәмелетке толмағандар үшін жол жүру тегін болады, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық көлікпен жүруге қатысты бірқатар мәселелер азаматтарды қабылдау, мәслихат сессиялары мен есептік кездесулерде көтерілді. Тасымалдаушылармен келіссөздер барысында қала әкімі 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін жол жүру тегін болатыны туралы шешім қабылдады. Шеткері аймақтарда тұратын кәмілетке толмаған балалар да тегін қатынай алады. 28 наурыздан бастап балаларға жол жүру тегін болады.

Осы уақыт аралығында барлық дайындық жұмыстары жүргізіледі. Олардың қатарына түсініктеме беру, балаларға олардың аттары жазылған көлік карталарын сатып алу жатады (көлік картасы барларына картаны ауыстырудың не жаңасын сатып алудың еш қажеті жоқ). Автобуста көлік картасының валидациясы (тегін жол жүретін тұрғындар үшін де) міндетті болып қалады, себебі сол деректер негізінде қоғамдық көлік маршруттары жасалады.

7 жастан 15 жасқа дейінгі жолаушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру құны 40 теңге болды, ал 15 жастан асқан тұрғындар үшін 90 теңге болатын. Жеңілдігі бар азаматтардың санаттарына жататын тұрғындар да тегін жол жүреді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *