Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс жабылды

445

ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі республикалық маңызы бар біраз жолдардың жабылғаны туралы ескерту жасайды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 39 учаскесінде қозғалыс жабылды.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа-райының өзгеруіне, ауа-райы туралы есептер мен SMS-хабарламаларға назар аударып, бақылау жасауға шақырады. Автокөлік иелерін ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ, жолдағы жолаушыларға жоғары жылдамдық режимін қадағалап және дабылды сигналды қолдануды ұсынады. «Darmen» мобильдік қосымшасы тек жолдардың жабылуы туралы ғана емес, сонымен қатар жолдардың ашылуы туралы да хабарлайды. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112» телефонына қоңырау шалыңыз«, — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *