Елімізде 29 мыңдай үкіметтік емес ұйым бар

438

Бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай елордадағы республикалық волонтерлердің фронт-кеңсесінде бірқатар шаралар өтті.

«2014 жылдан бастап Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда елімізде 29 мың осындай ұйым бар. Өкінішке орай, олардың көбі белсенді емес. Үкіметтік емес ұйымдарға мақсатқа жету және әртүрлі шаралар өткізу үшін 20 млрд теңге бөлінеді. Бүгінгі отырысқа қатысушылардың әрқайсысы азаматтық қоғамның даму концепциясын дайындады», — дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидулла Оспанқұлов. Үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өту барысында шеберлік сыныптары, әлеуметтік жобалар көрмесі өтті.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *