Жауынгерлік ММА басшылары баспасөз конференциясын өткізді

485

VII Жауынгерлік ММА аралас жекпе-жектен Әлем чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл туралы IMMAF Президенті Керрит Браун бүгінгі Алматыда өткен баспасөз конференциясында ресми мәлімдеді. Аталмыш іс-шаралар, яғни Азия чемпионаты маусым айында, ал Әлем чемпионаты 2020 жылдың қазан айында өтеді деп жоспарлануда. IMMAF бас директоры Дензейн Уайттың айтуынша, елімізде өтетін дүбрлі додаларға әлемнің көптеген елдерінен спортшылар келеді деп күтілуде. Сондай-ақ аталмыш ұйымның басшылары Қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі әлеуетін жоғары бағалап, жерлестеріміздің өз жакүйерлерін көптеген медальдармен қуантарына сенім білдірді. Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан Тен ұлттық құраманың спортшыларына үлкен сенім артатынын тілге тиек етті. 2019 жылы өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша абсолютті чемпион атанған. Жүлделі орындарға қол жеткізген спортшыларымызға қаржылай қолдау көрсету туралы сауалымызға федерация басшылары жиын барысында жауап берді. Валихан Тен бұл мәселенің өте өзекті екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде ұлттық құрама мүшелерін спортқа қажетті жабдықтармен қамтып, болашақта жүлде алған спортшыларға берілетін қаржылай сыйлықтың мөлшері артатындығына уәде берді.

Бексұлтан Нұрланұлы




4 thoughts on “Жауынгерлік ММА басшылары баспасөз конференциясын өткізді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *