Cауд Арабиясы қазақстандықтарға туристік электронды визалар беруді уақытша тоқтатты

161

Сауд Арабиясы жеті елдің азаматтарына туристік электронды визалар беруді уақытша тоқтатты. Ол елдердің қатарына Қазақстан да енген, — деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Сауд Арабиясының Туризм министрлігі коронавирус аурулары көп тіркелген елдердің азаматтарына виза беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы деп хабарлады Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігі.

«Коронавирустың таралуының алдын алу үшін Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына туристік электронды визалар беру тоқтатылды. Сонымен бірге бұл елдердің азаматтары Сауд Арабиясының әуежайларына келгенде туристік визаларды ала алмайды«, — делінген хабарламада.

Аталған елдердің азаматтары бұдан бұрын алынған туристік визалардын да пайдалана алмайды. Әмірлік билігі мұны «уақытша шаралар» деп сендірді. Электронды туристік виза алуға құқығы бар өзге 40-тан астам елдің азаматтары визаны әуежайға келгенде ала алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *