Кәсіпқой бокс кеші Алматы өтеді

251

Наурыз айының 28 жұлдызында Алматы қаласында әлемдік деңгейдегі кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі болды. “NAURYZ FIGHT NIGHT” атты додада отандық және алыс жақын шет елдерден келген спортшылар бақ сынайды. Жарыс ұйымдастырушылары D4G және MTK Kazakhstan промоутерлік компаниялары. Qazsport арнасы аталмыш шараны республика көлемінде тікелей эфирде трансляциялайтын болса, iFL TV Қазақстаннан әлемнің 80 еліне хабар тарататынын мәлімдеді.


Кештің басты жекпе-жегінде , бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жанқош Тұраров шаршы алаң төріне көтерілетін болады. Одан бөлек Тұрсынбай Құлахмет, Абай Төлеш, Али Балоев, Абылайхан Шегалиев, Рай Сейтжанов, Нұрдос Төлебай секілді бірқатар боксшыларымыз да осы кештің аясында жұдырықтасады. Өзбекстандық 2016 жылғы Рио Олимпиядасының чемпионы Фазлиддин Гайбназаров пен Хуршид Тожибаевтар жарыста өнерлерін ортаға салуға ниетті. Ресми мәлімдемеде аттары аталған спортшылардың қарсыластары алдағы уақытта белгілі болады. Осы сайысқа дайындалу мақсатында қазақ боксшылары бапкерлері Сағатбек Мұсахановпен бірге АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *