Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

151

Бас прокурордың бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының аға әділет кеңесшісі болып Айдос Серікханұлы Майлыбаев тағайындалды. Бұл туралы туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарлады.

Айдос Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар.

Алматы облысындағы екі ауданның прокуроры болып қызмет атқарған.

Сондай-ақ Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның Департамент бастығы қызметінде болған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2014 жылы) медалімен марапатталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *