Медеу шатқалындағы қыстың соңғы күндері (фото)

2574

Ақпанның соңғы күндерінде Алматыда ауа-райы мың құбылып, қар-аралас жаңбыр жауды. Тауға қырбық қар түсіп, қырау қатқан. Біз осы сұлулықты байқап, күн көзі көтеріле берген уақытта Алматыдан Медеу шатқалына қарай көтерілдік. Бағытымыз Медеу-Шымбұлақ бағытындағы шатқалдың тұмса табиғатын суретке түсіріп алуымен орындалды. Монханатка мен Қабырғатауды жағалап қозғалған тұман болса бірде биікке көтеріліп, енді бірде шатқалға қарай төмендейді. Осы сәттегі тұман қозғалысы шатқалға ерекше көрініс сыйлады.

Бейне бір Қабырғатау жотасында өрік гүлдеген секілді.

Ақбұлақ аялдамасы маңы

Іле Алатауының орманы

Тұманды жол ғана бөліп тұр

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *