«Самұрық-Қазына» қоры қазақстандық компаниялармен 34,8 млрд теңгені құрайтын келісімдерге қол қойды

523

Нұр-Сұлтан қаласында «Samruk Business Forum» атты отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірінші форум өтті. Форумды ұйымдастырушы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Бұл туралы «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлайды. 

Премьер-министрі Асқар Мамин, «Самұрық-Қазына» Қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ахметжан Есімов бір көзден сатып алуды 22 есеге – 4500 позициядан 198-ге дейін қысқарғаны туралы хабарлады. Ол Қордың сатып алу құрылымы 2018 жылдың 1 қаңтары жасалған талдау бір көзден сатып алудың елеулі үлесін (90%) көрсеткенін атап өтті. Осыған орай келісім-шарттар «бюджетке сәйкес» жасалды, үнемдеу мен бәсекелестік орта болған жоқ.

«Атқарылған жұмыс есебінен біз бәсеклестік нарыққа 650 млрд теңгеден астам сатып алуды тапсырдық. Оларға 13 мыңнан астам шағын бизнес субъектілері тікелей қол жеткізді. Біздің компаниялар құрылған бәсекелестік орта есебінен 40 млрд теңге үнемдеді»,- деді Ахметжан Есімов.

Төраға қазақстандық өндірісті қолдау басым міндет болып табылатынын атап өтті. Соңғы үш жылда тауарлар тізімі бойынша импорт көлемі 500 млрд теңгені құрады. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттарға кепілдік бере отырып, осы салалар шеңберінде отандық өндірушілермен оффтейк-келісім-шарттар жасасуға ниетті. Қазіргі уақытта Қор 27 жобаны мақұлдады.  Айта кеткен жөн, «оффтейк-шарт» тетігінің басты шарты ҚР-да өнім өндірісінің болмауы және оған Қор компанияларының қажеттілігі болып табылады.

Сонымен қатар, панельдік сессия барысында Қордың портфельдік компаниялары мен қазақстандық кәсіпорындар арасында сомасы 34,8 млрд теңгені құрайтын келісімдерге қол қойылды. Азия-Трафо-мен ҚТЖ арасында трансформатор дайындауға, Жайық Петролеум мен АМӨЗ арасында метанолға  оффтейк келісімшарт жасалды, ҚазТрансОйл үшін кондольдік сорғыларға  Karlskrona-мен меморандумға қол қойылды, арнайы техника өндірушілерімен әріптестік туралы стратегиялық келісімге, Қор мен Қазақстан Инжиниринг арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«Самұрық-Қазынаның» табысты тәжірибесі барлық реттелетін сатып алуларға, соның ішінде мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардға үлгі болып, таратуы тиіс»,- деді Асқар Мамин.

Форумның пленарлық сессиясы соңында Асқар Мамин мен Ахметжан Есімов үздік отандық кәсіпорындарға марапаттар табыс етті.    




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *