Абылай хан кешені салынады

380

Қазақстанда Абылай ханның монументін жасау мақсатында, халықаралық ашық байқау жарияланды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде “Qazaq kuresi”федерациясының вице-президенті Арман Шораев ресми мәлімдеме жасады. Аталмыш жобаны іске асыру үшін, шамамен 5-7 миллион доллар көлемінде қаржы керек. Жоспарланған кешеннің ұзындығы 54 метрді құрайды. Жобаға қажетті қаржы халықтың ерікті қолдауы арқылы 3 жылдың ішінде жиналады. Осы орайда Арман Шораев мемлекет тарапынан 100 гектар жер мен ұзындығы 1 шақырым болатын жолмен қамтамассыз етуді сұрайды. “Абылай хан монументі” аталатын нысан Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағының маңындағы Кенесары ауылында салынады деп күтілуде.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *