Қ. Тоқаев: Сот Мұхтар Жәкішевке әділ шешім шығаратындығына сенімдімін

329

-Мұхтар Жәкішевке әділ шешім шығаратындығына сенімдімін. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы М.Жәкішевке қатысты мәселе тек қана соттың құзіретінде екендігін баса атап өтті.

-Әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше рет жүгінгені маған да белгілі. 3 наурызда бірінші сатыдаға сот отырысы өтеді. Соның шешімін күтейік. Мен оның әділ болатындығына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *