Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі Парижде көрсетілді

743

Париждегі «Линкольн» кинотеатрында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан киносының Француз қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Франциядағы ҚР Елшілігінің және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» кинокартинасының көрсетілімін ұйымдастырады.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

Фильмнің негізгі оқиғасы біздің дәуіріміздің III-IV ғ. исламаға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Ол кездегі адамның басты мақсаты өмір сүріп, ұрпақ жалғастыру ғана болған. Кинода сөз, диалог жоқ. Тіршілік бастау алып, ұрпақ жалғастыратын әйелдің айналасында өрбитін, шамандық құмарлықтар ғана бар.

2010 жылы «Келін» картинасы Монакода Monaco Charity Film Festival халықаралық қайырымдылық кинофестивалінің Бас жүлдесіне ие болды, сондай-ақ Нью-Йорктегі New York Eurasian Film Festival, Еуразия фильмдері кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» номинациялары бойынша жеңіске жетті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *