Юлия Галышева құлап қалды

206

Қысқы спорт түрлері бойынша фристайл могулдан өнер көрсететін спортшы Юлия Галышева жаттығу барысында құлап қалды. Алған жарақатына байланысты, Қазақстандық спортшы кешегі Алматыда өткен әлем Кубогының іріктеу кезеңіне қатыса алмады. Могулдан 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері бүгін өзге жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, қазіргі жағдайының қалыпты екенін өзінің жеке парақшасында жазды.


27 жастағы отандасымыз 2008 жылдан бастап Ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Осы уақыт аралығында ол қысқы спорт түрлері бойынша могулдан Универсиада ойындарының 2 дүркін, Азия ойындарының 3 дүркін жеңімпазы атанған. Сондай-ақ талантты спортшының қоржынында Әлем чемпионаттарының алтын, күміс және қола жүлдесі бар.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *