Елордалық зейнеткерлерге тегін нан таратылды

464

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай елордадағы «Шапағат» коммуналдық базарында 200 бөлке нан тегін таратылды, -деп хабарлайды елорда əкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі мереке аясында зейнеткерлер 200-ден аса бөлке нанды тегін тараттық. Мұндай акцияны біз әр аптаның жексенбі күндері өткізіп тұруға тырысамыз. Осылайша біз әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсетеміз», – деді «Шапағат» коммуналдық базарының директоры Қаршыға Байбосынов.

Оның айтуынша, енді осындай әлеуметтік шара 21-22 наурыз күндері өткізіледі деп жоспарлануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *