Денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайға «Б» жоспары дайындалғанын мәлімдеді

317

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайға «Б» жоспары дайындалғанын мәлімдеді.

«Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Ол тұрғыда бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органмен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Елжан Біртанов бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында. Министр өз сөзінде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай толығымен бақылауда тұрғанына сендірді.

«Дүрбелеңге берілудің ешқандай негізі жоқ. Бізді алаңдатып тұрған негізгі проблема – жалған ақпараттардың таралуы. Сол себепті барлық ақпаратты тек министрліктің ресми сайтынан бақылап отыруды өтінемін», — деді ол.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *