Министрлік Қазақстанның коронавирус таралған елдердің тізімінде жүруіне қатысты пікір білдірді

384

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қазақстан азаматтарына Сауда Арабиясына кіруге тыйым салынды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 «Бастапқыда БАҚ-тарда тараған мәлімет дұрыс емес. Коронавирус таралған елдердің тізімінде 7 мемлекет болды. Расында бұл шектеулер 24 елге қатысты болды. Қазақстан сол жеті елдің қатарында болды. Ол жеті ел Сауд Арабиясы әуежайына келгенде ғана виза ала алатын 49 елдің тізімінде бар. Қалған 14 ел болса, виза рәсімдеген соң ғана елге кіре алады.

Мәлімет дұрыс таралмады. Бізде де коронавирус бар сияқты және сол себепті шектеу қойылғандай ақпарат таралды», — деді Шахрат Нұрышев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *