Құс фабрикасының қарқыны мықты

725

Шардара ауданының тұрғындары алдағы уақытта жұмырқамен қамтылатын болады. Осы мақсатта Жаушықұм ауылының маңындағы құс фермасы қарқынды жұмыс жасауда. Аталмыш мекеме ай сайын 4,5 мың жұмыртқа өнімін алуды жоспарлап отыр. Шаруашылық иесі Құралбек Дүйсебаев 2019 жылдың қазан айында 5000 балапан алып, оларға арнайы күтім жасап өсірген. Бастамасы оң нәтиже бере бастаған Шардара ауданының тұрғыны осы жылы тауық санын 10000 басқа жеткізіп, осы өңірдегі жаңа кәсіп түрін дамытуды қолға алған.


Кәсіпкердің айтуынша Шардараға құс еті мен жұмыртқасы өзге қалалар мен облыстардан жеткізіледі. Сондықтан баға айырмашылығы да байқалады. Халықты қолжетімді өніммен қамтамасыз етуді мақсат еткен кәсіпкер,елдің сұранысына сай сапалы ұсыныс жасауды басты міндет деп біледі.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *