Президент Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиындар өтпейтінін айтты

489

 Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық әйелдер күніне орай жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерттер коронавирусқа байланысты өткізілмейтін болды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», — деді Тоқаев.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *