Дәурен Абаев  Qazaq kuresi ассоциациясының вице-президенті болды

138

Құрметті достар!

Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық, Халықаралық және Дүниежүзілік қазақ күресі федерацияларының біріккен Конгресі өтіп, Qazaq kuresi ассоциациясы құрылған болатын. Жиынға жұмыс бабымен қатыса алмағаныма қарамастан, бұл біздің көптен бері күткен шара екенін айтқым келеді.

Алдағы уақытта бір Қауымдастыққа біріккен қазақ күресі федерациялары ортақ мақсат жолында – ұлттық күресімізді дамытуда және әлемге танытуда тізе қоса қызмет етеді.

Оған қоса, Ассоциация президенті болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтың сайлануы қазақ күресінің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Маған да осы Ассоциацияның вице-президенті болуға сенім артылған еді, ол жауапты қызметті ризашылықпен қабыл алдым», — деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында..




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *