Елордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді

82

Алдағы демалыс күндері елордада көктемгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
7, 8 наурыз күндері «Аспар базар» сауда үйінде өңірлік ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жәрмеңкеде тауарлар республиканың Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының өндірушілерінің бағалары бойынша ұсынылады.

Атап айтсақ, картоп, пияз, сәбізді — 85 теңгеге, қырыққабатты — 100 теңгеге, сиыр етін — 1700-1800 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар . Жәрмеңке наурыз-сәуір айларының соңына дейін аптаның әр сенбі, жексенбі күндері өтеді. Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 556978, 556899.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *