“Барыс” 1/4 финалда!

411

Бүгін Елордалық “Барыс” хоккей клубы Ресейдің “Металлург” командасына қарсы кездесу өткізеді. Қазақстандық ұжым құрлықтық хоккей лигасы аясында 62 рет мұзайдынға шығып, 84 ұпай жинаған. Андрей Скабелка шәкірттері плей-офф кезеңіне Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде екінші орынмен шығып отыр. “Металлург”пен “Барыс” арасындағы алғашқы ойында отандастарымыз 0:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Автомобилист, Нефтехимик, Авангард, ЦСКА, Сочи, Салават Юлаев, Адмирал хоккей клубтарынан басым түскен Нұр-Сұлтандық “Барыс” бүгін өз мұзайдынында Магнитагорсктен келген “Металлург” хоккей клубымен қарымта кездесу өткізеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:30 басталады.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *