Балықтар қырылып жатыр

188

Алматы іргесіндегі су қоймасының жағалауында жүздеген өлі балық шашылып жатыр.Аталмыш оқиғаға байланысты жергілікті тұрғындар екі түрлі пікірді ұстануда. Алғашқылары қыстың суық болғандығынан балықтар тиісті қорегін таба алмай өліп жатыр десе, өзгелері судың ластанып кетуін басты себеп санайды.Су бетін ақ көбік басып, жағалаудан жағымсыз иіс шығады. Мұндай көріністі алғаш көрген балықшылар бірінші болып экологиялық белсенді топқа хабар берген. Балықшылар дәл осы су қоймасына байланысты, соңғы 25 жылда мұндай фактімен алғаш бетпе-бет келгендерін алға тартады.
Жергілікті атқарушы билік органдары мұздың қалың болғандығынан балықтар қажетті мөлшердегі оттегімен тыныстай алмай қырылып қалған деп отыр. Қазір оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, прокурорлар мен экологтар жұмыс істеуде. Оларға алдағы уақытта балық шығынының нақты себебін анықтау қажет. Тіпті тіркелген фактіге байланысты қылмыстық іс те қозғалған. Құзырлы орган өкілдерінің өлген балықтардың түрлері мен нақты санына жету үшін бірнеше күн жұмыс істеуіне тура келеді.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *