Елорда мен Вильнюс әріптестікті нығайтады

352

Екіжақты саяси консультациялар барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Литва Сыртқы істер министрлігінің өкілдері саяси және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ халықаралық аренада тығыз өзара әрекеттестікті қолдауға дайындығын растады.
Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан, литвалық делегацияны Сыртқы істер вице-министрі Далюс Чекуолис басқарды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық кең ауқымды мәселелерінің жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, елдер арасында сенімді саяси диалогтың орнатылғаны, ал халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдардың толығымен сәйкес келуі ерекше айтылып өтті. Бұл ретте, әртүрлі халықаралық алаңдарда өзара қолдау көрсету екі ел ынтымақтастығының өзіндік стиліне айналды.
Сондай-ақ делегациялар президенттік, парламенттік және ведомстволық деңгейдегі өзара сапарлар кестесін бірлесе пысықтау ұсынысын талқылады. Жоспарланған кездесулерді мазмұндық жағынан толықтыру бойынша кешенді дайындық жұмыстарын бастау туралы келісімге қол жеткізілді.
Бүгінгі таңда екі елдегі парламенттік «достық топтары» деңгейінде қолдау көрсетіліп отырған Қазақстан мен Литва арасындағы парламентаралық диалогты дамытуға және кеңейтуге ерекше назар аударылды. Тараптар екіжақты байланыстардың осы сегментінің маңыздылығын тағы да растады.
Саяси консультациялардың күн тәртібіндегі ең маңызды тармақтардың бірі сауда-экономикалық ынтымақтастық болды. Қазіргі уақытта Литва Қазақстанның Еуроодақ елдеріндегі ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Қазақстан, өз кезегінде, Литваның 15-ші сауда серіктесі болып табылады.
Нәтижесінде, сыртқы саяси министрліктер арасында экономикалық дипломатия шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің қарқындылығын арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Консультацияларға қатысушылар Қазақстан мен Литва арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастық бұрынғыдай басымдыққа ие сала болып табылатынын айтып өтті. Атап айтқанда, тараптар Қазақстанның Ақтау мен Құрық теңіз порттары және Клайпеда теңіз порты арасында байланыс орнату мүмкіндігін талқылады. Бұдан басқа, 2020 жылғы 18-22 мамыр аралығында Литвада Көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы мен Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша аралас топтың 4-ші отырысы өтетіні жайында айтылды.
Сонымен қатар, тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу сұрағының өзектілігін, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан — Вильнюс — Нью-Йорк» тұрақты трансконтиненталдық әуе бағытын келешекте құру мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, тараптар туристік қарым-қатынастардың, соның ішінде медициналық туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағын да талқылады.
Сонымен бірге, дипломаттар, білім және медицина саласындағы байланыстарды одан әрі жандандыруға келісті. Осы ретте, литвалық тарапқа қазақстандық студенттерге 200 грант бөлінгені үшін алғыс білдірілді.
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді жеңілдету процесінде Литваның көмек көрсетуі консультациялардың айтарлықтай маңызды аспектісі болды.
Қазақстандық дипломат баламалы энергетика саласында заманауи жабдықтар, соның ішінде күн батареяларын жасап шығаратын литвалық BOD Group компаниясының басшылығымен жеке кездесу өткізді. Арнайы презентация барысында оған жасыл энергетика саласындағы ең жаңа әзірлемелер, энергия үнемдеуші технологиялар облысындағы соңғы жетістіктер, шет елдердегі бизнес-жобаларды іске асырудың нәтижелері ұсынылды. Кездесудің қорытындысы бойынша BOD Group-тың Қазақстан нарығына шығу болашағын іс жүзінде зерделеу туралы келісімге қол жеткізілді.
Литвалық сүт қауымдастығының басшылығы және Литваның жетекші сүт өндірушілерімен болған кездесу барысында М.Баймұхан оларды сауда серіктестігін дамытуға және Қазақстандағы шетелдік инвесторларға арналған артықшылықтарды кеңінен қолдануға шақырды. Литвалық сүт компаниялардың басшылығы ынтымақтастыққа дайындығын растай отырып, Қазақстан нарығындағы жайғасымдарын кеңейтуге қызығушылық білдірді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *