Ғалымдар кімдерде коронавирус жұқтыру қаупі төмен екенін айтты

106

Ғалымдар коронавирус жұқтыру қаупі төмен адамдарды атады.

Мамандардың айтуынша, COVID-19 вирус жұқтыру қаупі төмен адамдардың қатарына балалар мен жасөспірімдер кіреді.

Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесі 0-19 жас аралығында балалар мен жасөспірімде вирусты жұқтыру деңгейі 1 пайыз ғана екенін көрсеткен. Ал көбіне, дәрігерлердің айтуынша, 60 жастан асқан және созылмалы ауруларға шалдыққан адамдарда вирусты жұқтыру қаупі жоғары.

Ғалымдар вирустың алдын алу үшін бетперде тағып, гигиена сақтауға кеңес береді.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *