Ұлттық құндылығымызды қастерлей білейік

118

Өткен күндері қаламыздың Қарағанды политехникалық колледжінде «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясының және «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтардың қоғамды жаңғыртудағы ролі» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Шара барысында колледж студенттері «Ежелгі Түркі жазба ескерткіштері», «Халық мұрасы және оны сақтау», «Ұлттық құндылықтардың қоғамды жаңғыртудағы ролі», «Халық мұрасын насихаттау жолдары» тақырыптарында оқылған баяндамалармен, сондай-ақ  «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған  жаңа жобаларымен танысты.

Кітаптар сериясының авторы Н.Сұршаұлы қолға алынған тың жобалалармен таныстыра отырып, қазіргі уақытта тәуелсіздік мерекесінің белгісі ретінде «Тәуелсіздік лентасының» әзірленіп жатқанын айта келіп, қазақ тарихын насихаттауға арналған  «Тарих тақтасы» жобасына тоқталып өтті. Бұл ретте осыған дейінгі уақытта «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған барлығы 20 –дан астам жобаның іске асырылғанын атап өткен орынды.

Сонымен қатар, колледж студенттерінің тарапынан  кеншілер шаһарында түркі дүниесі мұрасын насихаттауға бағытталған бірнеше жобаны жүргізіп жүрген Д.Қыдырғалиұлының «Ежелгі Түркі жазба ескерткіштері» тақырыбындағы баяндамасы үлкен қызығушылыққа ие болды. Шараны ұйымдастырушылар халық мұрасын насихаттауға және сақтау тақырыбына арналған бұл шараның алдағы уақытта жылсайын өткізіліп тұратынын атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *