Нұрлан Нығматулин: “Cнюсқа заңмен шектеу қою керек”

417

Бүгін мәжіліс отырысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланды. Соңғы кездері жастар арасында қолданыс аясы кеңейіп кеткен “снюс” атты темекі өнімін қолданудың соңы түрлі қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуда. Ресми мәліметтер бойынша адам ағзасына кері әсерін тигізетін бір қалташа снюс құрамында 40 миллиграмм никотин бар.

Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2 қорап темекіге тең. Яғни снюсқа әуес жасөспірімдер зиянды заттың адам денсаулығына қаншалықты үлкен зарар әкелетінін ескермейді. Сондай-ақ оның есірткі тектес тәуелділік тудыратыны дәлелденген. Жаһандану заманының жаңа дерті талай жастың өліміне де себепші болғаны жасырын емес. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Швециядан өзге Еуропалық Одаққа мүше елдер снюстың өз елдерінде сатылуына 1992 жылы заңмен тыйым салған. Ал көршілес Ресей Федерациясында бұл заң 2015 жылы ресми күшіне енді.

Мәжіліс депутаттары елімізге түрлі заңсыз жолдармен келетін бұл психотропты әсері бар тауардың таралуына шектеу қою керектігін айтады. Сонымен қатар халық қалаулылары қолданушыларға салынатын айыппұл мөлшерін көбейтіп, мектеп оқушылар мен ата-аналар арасында арнайы түсіндіру жұмыстарын жиі өткізіп отыруды ұсынды.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *