Қамайтын орын жоқ

186

Алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде көлік жүргізген азаматтарға қатысты заң биыл күшейе түсті. Алайда Орал қаласының тұрғындарын бұл жаңашылдық алаңдатпайтын сыңайлы. Себебі қаланың тәртіп сақшылары күн сайын кемінде 4-5 мас көлік жүргізушісін қолға түсіреді. Ресми мәлімет бойынша ұсталғандар арнайы қабылдау орнына жеткізіледі. Құзырлы орган өкілдері олардың 3 күннен 30 күнге дейін бостандығын шектей алады. Жуырда ғана Оралдың 4 тұрғынын өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыру туралы сот шешімі күшіне енген. Сонымен қатар тағы 7 адамның ісі сотта қаралуда.

Полиция қызметкерлерінің ресми ақпараты бойынша, жыл басынан бері Орал қаласында 300 жол көлік оқиғасы тіркелген. 18 оқиғаға көлікті мас күйінде тізгіндеген тұрғындар кінәлі деп табылды. Тәртіп сақшылары өңірдегі апат санының артуына байланысты көлік жүргізушілерін қатаң тексеру ісін қолға алмақ.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *