Елдос Сметов Токио Олимпиадасында жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсайды

97

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио-де-Жанейро-2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметовпен және спортшының жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевпен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Елдос Сметов Парижде өткен Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

«Сіз спорттық аренада еліміздің намысын абыройлы қорғап жүрсіз. Айтулы халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері, Олимпиаданың күміс жүлдегері атандыңыз. Өз табандылығыңыз бен дарындылығыңыздың арқасында байрақты бәсекелелерде әлем алдында еліміздің даңқын асыра білдіңіз. Біз сізді мақтан тұтамыз. Біздің спортшылардың жетістіктері жас ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстануға зор серпін беруде», — деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы спортшыны және оның жаттықтырушысын жуырда жеткен жеңісімен құттықтап, оларға 500 мың және 300 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.

Өз кезегінде Е.Сметов алдағы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

«Біздің басты міндетіміз – Олимпиада» алтынын жеңіп алу. Мақсатқа жету үшін аянбай күресуге деп уәде беремін», — деді Е. Сметов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *