Алматы қаласының бас имамы діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша өткізбеуге кеңес берді

365

Бұл туралы коронавирустың алдын алу мақсатында аймақтық штаб өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Керімбекұлы айтты. Аталған індет қазір біздің елімізде тіркелген жоқ.

«Құдай сақтасаң сақтайды деген. Көп адам шоғырланатын жерлерде сақтаны және көп адам жиналатын дәстүрлі шараларымызды да мүмкіндік болатын болса кейінге қалдырғанымыз дұрыс секілді. Кейбір тойларамыз бар немесе ас, садақаларымыз бар, оған шариғат ешқандай тиым салмайды. 40 күніне берілмесе де, осы жағдайға байланысты кейін берсе Алланың құзырында ол қабыл болады. Сондықтан, меніңше, азаматтар бұған құлақ асу керек», — деді дін өкілі өз сөзінде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *