Елорда оқушыларының автобуста тегін жүру картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады

447

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«7 наурыздан бастап балалардың атаулы көлік картасын www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс бере аласыздар.

Қажетті құжаттар:

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін Туу туралы куәлігі;

Оқу орнынан анықтама;

3х4 сурет (ақ фонда;

16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін Жеке куәлігі;

Оқу орнынан анықтама;

3х4 сурет;

Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасай аласыз. Құны – 400 ₸.

5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаңызға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді. Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекен-жайында орналасқан орталық кассадан ала алады. Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады«, — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *