Парижде «Келін» фильмінің көрсетілімі аншлагпен өтті

687

Париждегі «Линкольн» кинотеатрында режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» кинокартинасының көрсетілімі аншлагпен өтті.

Мәдени іс-шара Қазақстан киносының Француз қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Франциядағы ҚР Елшілігінің және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақстан киносының Француз қауымдастығының президенті, көркемдік жетекшісі және бағдарламалық директоры Андре Иванов француз көрермендерінің отандық фильмдердің көрсетілімін үлкен қызығушылықпен күтетінін және осындай іс-шараларды өткізіп алмауға тырысатынын айтты.
Қазақстандық режиссердің картинасы француз көрерменіне ерекше әсер етті. Итальян-француз композиторы, әнші Риккардо Кочччанте көрсетілімнен кейін:
Мұндай фильмді түсіру үшін батылдық керек. Шынайы, ерекше мәнерде өмірді сипаттайтын, бірде бір сөзі жоқ, ерекше әсерде қалдырады, күрделі заттарды, әдемі заттарды түсінуге ықпал етеді. Бұл – өте әдемі. Мен қатты таңқалдым, керемет әсер алдым, – деп, өз эмоцияларымен бөлісті.
Фильмнің негізгі оқиғасы біздің дәуіріміздің III-IV ғ. исламаға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Ол кездегі адамның басты мақсаты өмір сүріп, ұрпақ жалғастыру ғана болған. Кинода сөз, диалог жоқ. Тіршілік бастау алып, ұрпақ жалғастыратын әйелдің айналасында өрбитін, шамандық құмарлықтар ғана бар.
2010 жылы «Келін» картинасы Монакода Monaco Charity Film Festival халықаралық қайырымдылық кинофестивалінің Гран-приіне ие болды, сондай-ақ Нью-Йорктегі New York Eurasian Film Festival, Еуразия фильмдері кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» номинациялары бойынша жеңіске жетті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *