Боксшыларымыз барын салуда

343

Дәл қазір Токио 2020 Олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынатын Иорданияда бокстан өтіп жатқан турнирде, Қазақстан құрамасының 33 жасар спортшысы Зәкір Сафиуллин қытайлық қарсыласы Жан Шанды жеңіп ¼ финалға жолдама алды. Одан бөлек бүгінгі жарыс күнінде 81 келідегі әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Жаңа Зеландиялық Жерон Пампеллонмен күш сынасса, кешкі сағат 21:00 де 75 келідегі Әбілхан Аманқұл кореалық Ким Жиншимен жұдырықтасады. Еліміздің ерлер құрамсы жарыс жолын жеңіспен бастап жатса, өкіншке орай Қазақсатнның әйелдер құрамасы алғашқы айналымнан-ақ сүрініп, әзірге сүреңсіз өнер көрсетуде. Алайда аталмыш турнирде жолы болмаған спортшылардың алдағы уақытта Лондонда өтетін Олимпиядаға іріктеу жарысында қайта бақ сынап көру мүмкіндігі бар.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *