«Ал, қанекей, әжелер»

463

Орталығымызда 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай қызмет алушылар арасында «Ал, қанекей, әжелер» конкурсы өтті.  Қатысушылар таныстыру, үй тапсырмасы (тағам әзірлеу) және өнер сайысына түсті.

Әділқазы алқаларының құрамында Алматы қалалық мәслихатының депутаты — Махамбет Хасенов, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары — Ләззат Нұржегітқызы, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясының арт-менеджері — Омарқазы Болатбаев, «Время» газетінің корреспонденті — Ксения Евдокименко, қоғам қайраткерлері — Сәуле Наурызбаева, Руслан Түсіпбеков, Рахилям Махрипова,, КБК төрағасы — Шавиль Сасыков және Қазақстан еңбек сіңірген әншісі Айжан Нурмаганбетова болды.

Конкурста халықаралық конкурстар лауреаттары Макпал Тоқтағанова, Біржан Базильжанов және «Flower dance» бүлдіршіндер би тобы өнер көрсетті. «Ал, қанекей,әжелер» байқауында топ жарып, бас жүлдеге  Айымторы Каспиевна ие болды. Бірінші вице-мисс атағын Дариға Бақыттыбайқызы, екінші вице-мисс атпғын Лариса Метровна, үшінші вице-мисс атағын Светлана Бельгибаевна иеленді.

Бэлла Ивановна, Татьяна Андреевна, Екатерина Алексеевна, Кулимхан Айтахыновна, Фаина Трофимовна сынды апа-әжелеріміз түрлі номинацияларға ие болды. Барша қатысушылар сый-сияпаттар мен мадақтау қағаздарына ие болды.

Бақыт СЫДЫҚОВА, кітапханашы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *