Уханда коронавирустан айыққан ер адам қайтыс болды

211

Уханда осыған дейін коронавирустан айығып, ауруханадан шығарылған 36 жастағы ер адам қайтыс болды.

Басылымның мәліметінше, Ли Лян есімді ер адам 12 ақпанда ауруханаға жатқызылған. Екі апта емделіп, ауруханадан шығарылып, 14 күн карантинге жатқызылған.

 Әйелінің айтуынша, ауруханадан шыққан соң екі күннен кейін күйеуі әлсірей бастаған. Ал 2 наурызда жағдайы нашарлап, қайта ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған.

Уханның денсаулық сақтау комиссиясы берген қайтыс болу туралы куәлікте ер адамның COVID-19 вирусынан қайтыс болғаны көрсетілген.

Басылымның мәліметінше, 4 наурызда осыған дейін ауруханадан шыққан науқастар қайта ауруханаға жеткізілген.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *