Медицина: журналистік зерттеулер үшін деректер

451

Жоғарғы санаттағы нейрохирург, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы Мыңжылқы Сайлауұлы Бердіқожаевтың «Медицина: журналистік зерттеулер үшін деректер» тақырыбында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сыныбы өтті.

Қазақстандағы эндоваскулярлы нейрохирургия саласының негізін салу, іргесін қалау бастамасымен қатар, Мыңжылқы Сайлауұлы хиургиялық аспабын басқарумен қатар, бұқарамен байланыс орнату тетіктерін жақсы игерген. Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі ретінде білікті мамандар даяурлауда тынбай еңбектеніп жүр. Ол елімізде көптеген оталарды алғашқылардың бірі болып жасауды қолға алған. Өз тәжірибесінде 3200-ден астам ота жасаса, оның 2700-і бас сүйекті ашпай қантамыр арқылы жасалған ота.

Эндоваскулярлы нейрохирургия заманауи медицинадағы мүлдем жаңа бағыт. Алғашында эндоваскулярлы техника диагностика мақсатында жасалды. Дегенмен бұл әдістің емдеу қабілеті артуы мен оң нәтижелердің болуы қазіргі медициналық технологияда өз орнын нығырлап берді. Эндоваскулярлы нейрохирургияның жетістіктерінің арқасында аталмыш техника дәстүрлі хирургиядағы коронарлық шунттау, каротидті эндартерэктомия және клипирарлық аневризм әдістерінің баламасы ретінде қолданыста. Қазақстандағы эндоваскулярлы нейрохирургияның дамуы Мыңжылқы Сайлауұлының еңбектерімен тығыз байланысты.

Балалық шағы еліміздің Оңтүстігінде өткен Мыңжылқы Сайлауұлы білім мен дағды игеру жолындағы өмірбаянымен қатар медицина практикасында жиі кездесетін журналистермен кәсіби тұрғыда тиімді сұхбат беру, деректердің сауатты да шынайы жариялануы сияқты мәселелерді айтып өтті. Қазіргі таңда өзекті болып отырған вирустық инфекциялардан сақтану туралы сұрақтар да студенттерді алаңдатыны рас. Бұл жайлы жоғарғы санатты дәрігер тұщымды жауаптар қайтарды. Әсіресе, адам өмірі мен денсаулығына қатысты ақпараттарды жариялауда құқықтық-этикалық нормарларды терең білу, соны журналистік өмірде негізге алу жайлы дәрігер кеңестері өте қажет. Ол журналистика оқу жоспарына медициналық журналистика бағытында курс енгізуді ұсынды.

Г. Сұлтанбаева, профессор




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *